Ұлттық ұлан – сенімді тірек! » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
23
декабрь
2025

Ұлттық ұлан – сенімді тірек!

2025 жылы 23 желтоқсан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Тараз қаласы Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімінің кадр бөлімінің бастығы Карибаев Ақәділ Серікұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясына 11 сынып білім алушыларына қабылдау жүріп жатқанын және Ұлттық ұлан офицерлерін даярлау шарттарын түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясы — ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Отанға адал қызмет ететін кәсіби офицерлерді даярлайтын жоғары әскери оқу орны.

Академияда білім алу – бұл:

  • жоғары деңгейдегі әскери және зияткерлік білім;
  • тәртіп, жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру;
  • мемлекет есебінен оқу, киім-кешек және тамақпен қамтамасыз етілу;
  • оқу барысында шәкіртақы алу;
  • оқу бітіргеннен кейін тұрақты жұмыс пен әскери атаққа ие болу.

Ұлттық ұлан Академиясының түлектері:

  • қоғамдық тәртіпті сақтау;
  • стратегиялық маңызды нысандарды күзету;
  • ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.
Мектеп-лицейіміздің білім алушылары қызығушылық танытып, сұрақ қойып, өз жауаптарын алды. Жауапты: КББ педагогтары А.Байкулова, Ж.Иманбаева 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив