27
январь
2026
«Еңбегі адал – жас өрен» мамандықтар марафоны
2026 жылы 27 қаңтар күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9 сынып білім алушыларымен «Еңбегі адал – жас өрен» атты мамандықтар марафоны өткізілді. Мақсаты - оқушыларға дұрыс мамандық таңдауға көмек беру.
“Әр еңбек – құнды, әр қол қалам – үлгілі. Адал еңбектенген адам қоғамға пайда әкеледі, өзгелерге үлгі болады. Жас өрендер әр күнін тиімді пайдаланып, өз мақсатына талпынса, болашағы жарқын болады. Талап пен табандылық, еңбек пен шыдамдылық – ең басты қасиеттер. Еңбегі адал адам әрдайым қадірлі, әр жетістік – еңбектің нәтижесі. Сол үшін әрбір сәтті бағалап, жаңа белестерді бағындыра берейік!”. Жауапты: КББ педагогтары А.Байкулова, Ж.Иманбаева

