Тілдер күні » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
05
сентябрь
2024

Тілдер күні

Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей кітапханасында «Білімнің бас құралы-кітап» көрменің анықтамасы

5-қыркүйек Тілдер күніне орай 

Мақсаты:Білім алушылардың бойында  кітапқа деген қызығушылығын арттыру. 

 Міндеті: Кітап адамның танымын кеңейту; 

Ой-өрісін дамытуға жаңа ақпарат алуға көмектесу;

Оқушылардың танымдық білімдерін арттыру; 

 Кітап – адамзаттың ең жақын досы және ақылшысы, даналық пен білімнің қайнар көзі. Кітап – білім қазынасының кілті,  ойдың бұлағы болғандықтан, халқымыз оныкиелі, қадірлі санаған. Кітап арабтың «жазу» деген сөзінен шығып, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы болып табылады. «Оқымасаң – ой тоқырайды»,- деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, өмірі қараңғы болатындығын дәлелдейді. Сондықтан да, кітапты бағалау, оқуға деген құштарлық, оны сүю халқымыздың қанына сіңген. Алайда, заманауи техникалар даму үдерісі жоғарылаған сайын жастарымыздың кітаптың бетін парақтап, онда жазылған дүниелерді ақ параққа түртіп алу деңгейі төмендеуде. Білім алуға талпыныс жасап, кітап оқудың орнына алтыннан да қымбат уақыттарын бос әурешілікке жұмсап, сана-сезімінің, дүниеге деген көзқарасының бір беткейлі болуына әкеліп соғуда. Бір ескере кетерлігі, кез келген әлеуметтік желі, бұқаралық ақпарат құралдары, бейнетаспалар да кітап секілді туындыны алмастыра алмайды. Әсіресе, көркем әдебиет кітаптары әр адамның бойындағы адами қасиеттерді шыңдайды. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив