06
январь
2026
«Robotek Grand Tournament» Халықаралық робототехника чемпионатының аудандық кезеңі
6.01.2026 жылы өткізілген «Robotek Grand Tournament» Халықаралық робототехника чемпионатының аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Демеченко Марк "Сұрыптаушы робот" санаты бойынша І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. "Инверсия сызық бойымен жүру" санаты бойынша Марат Мейірім ІІ орынды иеленді. Оқушыларымызды құттықтай отырып, облыстық кезеңде жеңіске жетулеріне тілектеспіз!